Ағымдағы жылдың 20-шы қаңтарында шекарашылардың денсаулықтарын және Шекара қызметінің имиджін көтеру мақсатында 2484 әскери бөлімінде инженерлік қызметтің құрылғанына 318 жылдық мерейтойына орай Үшарал шекара жасағының бөлім, бөлімшелер, гарнизон бөлімшелері, жеке құрам арасында волейбол сайысы өткізілді.
Сарқан шекара комендатура ұжымы аталған әскери бөлім құрамында. Сайысты 2484 әскери бөлім командирі, подполковник С.С.Досов қатысушыларды осы мерекемен құттықтап сәттілік тілей отырып ашты. Сайысқа барлығы 8 команда қатысты. Бірнеше сағатқа созылған дода өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қандай жарыс болмасын шарт жалғыз: бірі жеңілсе, екіншісі жеңеді. Шаршы алаңда тамаша ойын көрсете білген Десанттық шабуыл заставасы І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынға Штаб бөлімі табан тіресе, ІІІ орынды Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жүмыстар бөлімі иеленді. Жеңімпаздар кубок, грамоталармен марапатталып, әріптестері алдында мерейлері өсті. Осындай шекарашылардың күш-жігерін шыңдап, рухын көтеретін ойындар әр айтулы күндер сайын ұйымдастырылады. Шекарашыларымыз шымырлығы шыңдалып, шекарамызды көздің қарашығындай қорғайтындығына кәміл сенеміз!
Өз тілшіміз.