
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Искаков Асхат
Төлеуханұлы
Бірмандатты сайлау округі № 12
«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев
Құрметті сайлаушылар!

Мен, Искаков Асхат Төлеуханұлы, 1968 жылы 17 қаңтарда Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Лепсі дүниеге келдім, үйленгенмін үш ұлым бар. Талдықорған қаласындағы Зовет техникумді бітіріп заңгер мамандығын алып шықтым. Менің кәсіби жолым 1993 жылы аудандық аурханада бас экономист болып қызметімді бастадым. Бұл саладағы жұмыс маған ауыл экономикасын бағалауды, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауды, туған жерге қамқорлық жасаудың және әрбір адамның оның дамуына қосатын үлесінің қаншалықты маңызды екенін түсінуді үйретті. Қазіргі таңда өзімнің мал шаруашылығымен айналысып «Искаков» шаруа қожалығын басқарып келемін.
Мен ауданның әл-ауқаты тұрғындардың күнделікті өмір сүру жағдайларына байланысты қалыптасады деп сенемін. Сапалы ауызсумен қамтамасыз етілу, жақсы жолдармен жүру, медициналық көмек алу, балаларға сапалы білім беру және үйге жақын жерден жұмыс табу мүмкіндігі — мұның барлығы ауылдарымыздың болашағына тікелей әсер етеді.
Шағын және шалғай орналасқан елді мекендерге ерекше назар аудару қажет. Олардың тұрғындары да ірі ауылдардың тұрғындарымен бірдей, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алуы тиіс. Аумақтың дамуы жекелеген жобалармен шектелмей, әрбір отбасына пайда әкелуі керек.
Депутаттық қызметімде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жергілікті өндірушілер мен кәсіпкерлерді қолдауға, жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына жағдай жасауға және өлкеміздің табиғи байлықтарын сақтауға бағытталған бастамаларға басымдық беруді көздеймін. Бұл ретте «Әділет» партиясының қағидаттары мен мақсаттарын маңызды бағдар ретінде ұстанамын.
Әрбір ұсыныс нақты іспен жалғасуы керек деп есептеймін. Сондықтан тұрғындар үшін маңызды мәселелердің уақтылы қаралуына, қажетті жобалардың қаржыландырылуына және жауапты мекемелердің өз міндеттерін орындауына қол жеткізу қажет. Сонымен қатар халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың пікірін ескеріп, атқарылған жұмыстар туралы шынайы ақпарат беру де маңызды.
Мен тұрғындардың қабылданған шешімдердің нақты пайдасын көргенін, өз мәселелеріне назар аударылатынын сезінгенін және олардың пікірлері маңызды екеніне сенімді болғанын қалаймын. Халықтың сенімі, нақты оң өзгерістер және аудан игілігі жолындағы жүйелі жұмыс мен үшін қол жеткізілген нәтижелердің басты көрсеткіштері болады.
Құрметпен, Асхат Искаков!
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ
Лепсі ауылындағы жолдары мен көшелерін уақытылы жөндеуге, аудан орталығымен көлік қатынасын жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге ықпал етуге уәде беремін. Он екінші сайлау округінде орналасқан Жамбыл, Бибатырова, Мукышова көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге ат салысамын.
2. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Он екінші округті сумен тұрақты қамтамасыз ету, коммуналдық желілерді жөндеу, электр қуатының үздіксіз берілуі және көшелерді жарықтандыруды жақсарту мәселелерін көтеруге ықпал етемін.
Көкжиде ауылындағы алаңды көше жарығын орнатуға ықпал етемін.
3. ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҚОЛДАУ
Шағын бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға уәде беремін. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтуге, бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Жастарды, әйелдерді және еңбек нарығында қосымша қолдауды қажет ететін азаматтарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау бағдарламаларын қолдаймын.
4. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
Мектепке баратын жолдардың қауіпсіздігі, мектеп инфрақұрылымын жақсарту, балалар алаңдары мен спорт алаңдарының қолжетімділігі мәселелерін көтеруге ықпал етемін.
Лепсі ауылына балалар ойын алаңына қаражат бөлінгенін қадағалап, салынуына ат салысамын.
5. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Қарт адамдарға, балалары бар отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға медициналық көмек пен әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қолдау.
6. БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға ықпал ету, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты түрде тыңдау және көтерілген мәселелердің қаралу барысы туралы халықты хабардар етуге ат салысамын. Байланыс сапасы төмен аумақтарды анықтап, тиісті операторлар мен жауапты органдардың назарын осы мәселеге аударамын. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануына, цифрлық сауаттылығын арттыруына және онлайн қызметтерді өз бетінше алуына қолдау көрсетемін.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Округте орналасқан №54 орта мектепті материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуға, оқу орындарына барар жолда қауіпсіз жағдайлар жасауға қол жеткізуге ат салысамын. Балалар мен спорт алаңдарын дамытуға ықпал етемін. Мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша жаңа орын ашып, 2030 жылға қарай кезекте тұрған 2–6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамтуға жағдай жасалуына ықпал етемін.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін жақсарту, жарықтандыруды күшейту және қажет жерлерде бейнебақылау жүйелерін дамыту мәселелерін тиісті органдар алдында көтеремін. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға ерекше назар аударамын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернетті жақсартуға, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде қамтуды кеңейтуге қол жеткізу ЛепсІ ауылы. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдауға ықпал етемін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ЕЛДІ МЕКЕН
«Таза Қазақстан» аясында ауыл көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырамын. Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерге ағаштар отырғызу және күтіп баптауға аса мән беремін.
Халықтың үні – менің басты бағдарым!
Сеніміңізді ақтау – менің міндетім!
Ауданының өркендеуі – ортақ мақсатымыз!
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Ауданымыздың басты құндылығы — күнделікті адал еңбегімен, жауапкершілігімен және туған жеріне деген сүйіспеншілігімен оның дамуына үлес қосып жүрген адамдар.
Әрбір елді мекен дамып, әрбір отбасының тұрғындары лайықты өмір сүру жағдайларына ие болуы керек. Сапалы жолдар, қолжетімді медициналық көмек пен білім беру, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер — нақты істер арқылы жүзеге асырылуы тиіс маңызды міндеттер.
Көптеген мәселелерді шешу уақыт пен бірлескен күш-жігерді қажет ететінін түсінемін. Соған қарамастан, мен бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге, тұрғындардың мүдделерін қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Халықтың сенімі сөзбен емес, нақты іспен ақталуы керек деп есептеймін.
Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, өмір сүруге, болашаққа сеніммен қадам басуға, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы аудан құра аламыз!
МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ
Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең әрі әділ көзқарас таныту. Еңбек адамдарына құрмет көрсету, сөзде адал болу және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу. Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мүддесін дәйекті түрде қорғауға дайын болу.
Мен сіздермен әрдайым байланыс орнатуға дайынмын, сіздердің идеяларыңызға, өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызға ашықпын. Мен үшін әрбір адамның пікірін тыңдау, бар мәселелерге мұқият назар аудару және тиімді шешімдер табу үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсау маңызды.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындаған: «Айару» ЖК
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй
Таралымы:1000 дана.
Тапсырыс беруші: Искаков Асхат Төлеуханұлы
Сарқан аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.
