САПАЛЫ БІЛІМ, ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ — БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі өзекті мәселелер кеңінен қозғалып, оларды шешудің нақты бағыт-бағдары белгіленді. Өзім мұғалім болғандықтан Мемлекет басшысының білім саласына қатысты айтқан ойлары менің ғана емес көптеген ұстаздардың көкейінде жүрген шетін шаруаларды көтеруімен құнды болды.

     Президент стратегиялық құжатта оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көпшілік талқысында екендігін айта келе, «әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр,- деді. Жасыратыны жоқ қағаздағы құжаттар қанша азайды дегенмен оның орнын басқан цифрландырудағы артық жұмыстар мұғалімнің алтын уақытын алып, өзінің тікелей міндетімен айналысуына мүмкіндік бермей отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей мектептің жүрегі – мұғалім алдындағы балаға ең бірінші тағылымды тәрбие, сапалы білім беруі қажет. Ең бастысы осы болуы тиіс. Ал қазіргі таңда мұғалім басқа да жұмыстармен айналысуға мәжбүр. Болашақта ел тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелеу мемлекетіміздің келешегіне тікелей әсер ететін құбылыс болғандықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселені орынды көтеріп отыр деп санаймын.

     «Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек». Осылай деп салалық министрліктің алдына нақты міндеттер қойып, бағыттарды белгілеп берген Мемлекет басшысының тапсырмасын қоғам болып атқаруымыз тиіс деп ойлаймын.

Х.Дувиен,

Абай атындағы мектеп-гимназияның

мектепалды даярлық сынып мұғалімі.

Сарқан ауданы.

Мәліметпен бөлісу: