2026 жылғы 28 қазанда жарияланған Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамуындағы маңызды басымдықтарды айқындады.
Жолдауда ел экономикасын нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистика саласын дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану және жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл бастамалар еліміздің ұзақ мерзімді дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған. Әсіресе, білім мен ғылымды дамыту, жастардың әлеуетін қолдау, әлеуметтік нысандарды салу мен жаңарту мәселелері қоғамның болашағы үшін аса маңызды.
Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыру тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне де байланысты. Туған жердің дамуына үлес қосу, адал еңбек ету, заң мен тәртіпті сақтау, қоғамдық ынтымақтастықты нығайту – өркендеген ел қалыптастырудың негізі.
Еліміздің тұрақты дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы және келер ұрпаққа жарқын болашақ қалдыру – бәрімізге ортақ мақсат
.
Е. САДЫКОВ,
«Жоңғар Алатауы» МҰТП заңгері.
