
«Әділет» партиясы Сарқан аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға бағытталған кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген ел дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттер жөнінде пікір алмасты.
Атап айтқанда, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру, білім мен денсаулық сақтау жүйесін қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.
Жолдауда айтылған әрбір міндет – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына бағытталған маңызды қадам. Оны жүзеге асыруда мемлекеттік органдармен қатар, қоғамның әрбір мүшесінің белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие.
Ел болашағы – ортақ жауапкершілік!
