Таңдауымыз — Тәуелсіздік

Бүгін Республикалық телеарналардан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап, еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан халқы ерте ме, кеш пе Президент сайлауы өтетіндігін күтіп жүрген болатын. Сол күн, міне, айқындалды. 


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Аiqyn» газеттеріне берген сұхбатында «Елбасының дана шешімінің арқасында билік сабақтастығы ешбір дүрбелеңсіз, шиеленіссіз жүзеге асты. Бұл болашақ үшін, мемлекеттің тұрақтылығы мен ұдайы дамуы үшін жасалған бірегей қадам екенін ұмытпауымыз керек»,-деп атап көрсеткен болатын. Демек алтыбақан алауыз болмай тәуелсіз мемлекетіміздің сара жолын айқындау үшін басты тұлғаны таңдап, заңды сайлау өткізу алға басу, өсу, өркендеуіміз үшін керек қадам. Расында да баршамыздың барымыз да, бағымыз да — тәуелсіздік. Кері кетсек тарих та, болашақ ұрпақ та бізді кешірмейді. 
Сондықтан еліміздің бейбітшіліксүйгіш адамдары санатында өркениетті ел екендігімізді, жұртымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдей отырып, кезектен тыс сайлауға бір адамдай қатысып, таңдауымызды жасауға тиістіміз. 

Жомарт ИГІМАН, 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: