Сарқан ауданының мәжіліс залында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинарға қала және ауылдық округтердің әкімдері, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары, құқық қорғау органдары, аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары, аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, жастар, білім, денсаулық саласының қызметкерлері, мектеп директорлары мен оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, балабақша меңгерушілері, дінтану және зайырлылық пәнінің мұғалімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында облыс көлемінде барлық елді-мекендерде терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Осыған орай, аталған тақырып аясындағы оқу семинарын аудан әкімінің орынбасары Дәулен Меденов жүргізіп, жиналғандарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының оқытушысы Ли Евгений Николаевичпен таныстырды.
Өз кезегінде Евгений Николаевич терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бейнекөрініс көрсетіп, слайд арқылы террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдар туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Теракт қаупінің алдын алу бағытындағы лектордың ақпараттық хабарламасы жұртшылық көкейіне ұялады. Семинар барысында лектор қатысушылардың күн тәртібіндегі мәселе бойынша сауалдарына жауап берді.