Ағымдағы жылдың 5-6 сәуір күндері аралығында Көктерек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, Лепсі ауылдық округі әкім аппаратының қызметкерлері және №54 мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Н.Аюбаевтың бірлесіп ұйымдастыруымен Лепсі ауылдық округінің мәдениет үйінде Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл жалынды жастар жылы» атты жолдауы аясында жекпе-жек сайысынан ауқымды көлемде Сарқан ауданының ашық біріншілігі ұйымдастырылды.
Спорттық додаға облыс аймағынан 9 команда келіп 100-ге жуық спортшы қатысты. Іс шараны Лепсі ауылдық округінің әкімі Серікбаева Гүлнар Мұратқызы салтанатты түрде ашық деп жариялап спортқа қатысушыларға ақ тілегін білдірді. Және де осы жарыстың құрметті қонағы Алматы облысы бойынша жекпе-жек сайысының президенті Мусіркенов Ермус ағамыз ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, спортшыларға жеңіс тіледі. Ашылу салтанатынан кейін кілемге спортшылар шығып бақтарын сынады. Жүлделі орындарға ие болған спортшылар Лепсі ауылының азаматтарының демеушілігімен жасалған арнайы медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Ж.Калимолдинов,
Көктерек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, БПҰ мүшесі.