Сарқан ауданында «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері т.б. мүшелерінен құрылған мобильді топ жұмыс істеуде.
Аталған мобильдік топ мүшелері 2019 жылдың 6-8 мамыр күндері аралығында ауданның 4 еңбек ұжымында болып, «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, агенттіктің бастамалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мобильді топ мүшелері алдағы уақытта барлық еңбек ұжымдарымен кездесуді жоспарлап отыр.