Түсіндіру жұмысары жүргізілді

Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және цифрлық сауаттылығын арттыру бүгінгі күні өзекті мәселелер санатында. Осыған орай аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің мұрындық болуымен аудан деңгейінде 3 ауқымды шара өткізілді.

Атап айтсақ, ағымдағы  жылдың қаңтар айында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында, Екіаша ауылының Мәдениет үйінде және М.Тынышпаев атындағы орталық алаңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өткізілді. Сондай-ақ «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалі аясында да мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізіліп, онда ұйымдастырушылар өз келушілеріне аталмыш қызметтерді сапалы алудың тиімді тұстарын түсіндірді. Аталған шаралар аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша баннерлер, инфографикалар, ақпараттық тақталар ілінді. Брошюралар, жадынамалар және «Egov» электронды Үкімет порталы арқылы қызметтер түрлерін алудың жеңілдіктері туралы түсіндіріліп, халыққа арнайы жарнамалар таратылды. Бүгінгі күнге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, акциялар форматында 9 іс-шара өткізіліп, онда 320 адам қамтылды.

Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, сапасы мен электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің пайызын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: