2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 402 қызмет көрсетілді.
Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу – жетім және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүліктік құқықтардың болуымен өзгешеленетін бала алу формасы. Еліміздің заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетім не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.
Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінің біріне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- Өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат;
- Некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
- Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
- Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) табысы туралы анықтамасы;
- Қамқорлыққа алушының (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттарының көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
- Баланың ата-анасыз қалғанын растайтын құжаттары;
- Қамқорлықа алынатын баланың келісімі (10 жасқа толған болса).
Айта кетейік, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтін азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.
Соңғы жылдары жетім не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткішінің оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 1069 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 1600 қызмет рәсімделген.