«Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақстандық мемлекеттік қызметті дамы-тудың мынадай маңызды басымдықтары айқындалған: мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, іріктеу мен кәсіби дайындық әдістемелерін жетілдіру; меритократия принципін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту. Еліміздің Президенті белгілеген әкім-шілік реформаның екінші кезеңіндегі соңғы мақсат халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат құру.
Соңғы кезде мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің персоналды дамыту жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша рөлін күшейтуге бағытталған белсенді шаралар қабылдануда, соның ішінде ең алдымен қызметкердің мансапты жоспарлау үдерістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Персоналды басқару қызметтеріне кадрларды іріктеуден, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды ресімдеуден тыс персоналды барлық деңгейлерде тиімді дамытуды қамтамасыз ететін кадрлық менеджментті ұйымдастыру жөніндегі өкілеттілік те жүктеледі. Бірінші кезекте қызметкерлердің қызметін бағалау, олардың еңбегін ынталандыру жүйесін және оны қолдану тәртібін әзірлеу, тағылымдамадан өткізу, тәлімгерлік жөніндегі міндеттер ұсынылады.
Осылайша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің қызмет сатысы бойынша әділ түрде өсуін қамтамасыз ететін толыққанды тетіктің жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық база құруға барлық қажетті шаралар қабылданған.
Ағымдағы жылғы 21 маусымда облыс орталығының І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Аталған жиында департамент басшысы С.Ө.Нұрғисаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, атқарылған жұмыстарды атап өтті, сонымен қатар өткізілген байқаулардың қорытындыларына сәйкес бірқатар мемлекеттік қызметшілерді марапаттады. Марапатқа иеленген мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі артып, қуаныштары зор болды. «Үздік кадр маманы» байқауының жеңімпаздарының бірі болып мен де марапатқа ие болдым. Еңбегім ескеріліп, мемлекеттік қызметтегі кәсіби аппарат құру жолындағы қосқан үлесім бағаланды. Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілерді өз қызметтерін одан әрі жетілдіруге ынталандыратындығы бейім.
Әрбір мемлекеттік қызметші қойылып отырған талаптарды қатаң сақтап қана қоймай, Отанын сүйетін азамат ретінде басқаларға үлгі болып, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік оның азаматтық ұстанымына адалдық пен сатылмаушылық оның мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Тек сонда ғана біз кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға өз үлесімізді қосып, мемлекет алдында тұрған жауапты және маңызды жобалар мен жұмыстардың сапалы және тиімді жүзеге асырылуына өз септігімізді тигізе аламыз.
Г.Мырзабаева,
аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімшесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл.