19-20 шілде күндері Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы аясында Сарқан ауданында адамдар көп шоғырланған жерлерде қоғамдық қабылдау іс-шарасы жүргізілді.
Аталмыш шараның басты мақсаты жол-көлік апаттарының алдын алу, құқықтық көмек беру, жалпы қатысушыларды толғандырған сауалдарға жауап беру. Шара барысында аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, майор М.Қалиасқаров, аудандық мониторнг тобының мүшесі Ж. Басшығұлов аудандық көші-қон бөлімшесінің басшысы, майор Ж.Аятбеков, әкімшілік полиция бөлімінің басшысы, капитан С.Амирханов , емтихан қабылдау аға инспекторы, аға лейтенант Д.Абылхан және т.б. жүргізушілер мен жүргіншілерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде қатысушылар ұсыныстарын да білдірді.
Жалпы ауданымызда тұрақты түрде өткізілетін осынау акция барлық жол қатысушыларын жолда жүру ережелерін сақтай отырып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға шақыруымен маңызды саналады.