Жаңа кезеңнің бастауы

Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі — қазақстандық азаматтық қоғамның жаңа кезеңінің бастауы.  Бұл Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің бұл мәртебесі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысында саяси реформалар, әлеуметтік, экономикалық шешімдер жасауда айтарлықтай маңызды екенін айғақтайды. Тұтастай алғанда ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты — жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұстанымдар тұжырымдау.

Ұлттық кеңес құрамын сараласақ олардың қатарында көпшілікке аттары мәлім саяси партиялардың, оппозициялық ұйымдардың, жаңа қалыптасып келе жатқан азаматтық қозғалыстардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар және құқық қорғау өкілдері  бар. Президенттің өзі төрағалық ететін Кеңестің құрамы ойы азат, танымы терең, елдік мәселелерден бейтарап қалмайтын азаматтармен толыққаны ертеңге деген сенімді ұялата түседі.

Қадыл Жанасбеков,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: