Ұлттық Кеңес мемлекет пен қоғам арасында дәнекер болатын қоғамдық ұйым ретінде құрылғандықтан Кеңес құрамына кірген азаматтар үшін бұл үлкен жауапкершілік. Бізді қуантатыны — Кеңес мүшелерінің елге танымалдығы және істің жөнін білетін азаматтар екендігі. Қоғам үшін, ел үшін бұл азаматтар тірлі бастамаларда бой көрсетіп, нақты нәтижеге жетіп келеді.
Кеңес қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Рес-публикасы Президентінің актілері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ осы ереже басшылыққа алынады делінген. Сонымен қатар тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемалар қарау, тараптар арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету Кеңестің негізгі міндеттеріне кіреді.
Уақыт өте келе Ұлттық Кеңес те азаматтық қоғамның маңызды бөлшегіне айналатынына сеніміміз мол. Қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог құрып, түйткілді мәселелерді дер кезінде біліп, тіпті алдын ала болжай алып, оған қажетті нақты шараларға уақытылы кіріссе қоғамдағы бірқатар мәселелер шешімін табар еді.
Садуақас Садықов,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.