Жыл қорытындысы

Сарқан аудандық сотында аудандық сот төрағасы Ержан Қалимолдаұлы Байболовтың қатысумен өткен 2019 жылдың 1-жартыжылдығын қорытындылаған баспасөз брифингі болып өтті. Аталған жиынға «Сарқан» газеті  редакторының орынбасары Партия Жеңісхан қатысып, жартыжылдық атқарылған жұмыстың мән-жайымен таныстырылды. 

Брифинг барысында сот төрағасы өздері тарапынан қаралған істер бойынша жан-жақты мәлімет берді. Яғни, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің нақты сандық көрсеткіштерімен бөлісті.  Сонымен қатар, Ержан Қалимолдаұлы медиация тәртібінде  жүгінетін жандардың артуын оң үрдіске балады. Жиын соңында сот төрағасы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Сарқан аудандық соты.

Мәліметпен бөлісу: