Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім берудің сапасын жақсартуға баса назар аударылғаны келер күнге деген сенімімізді еселей түсті.
Мамандар даярлаудың отандық жүйесінің нақты еңбек нарығынан тыс қалғандығы көзі қарақты адамға белгілі. Кәсіби білім ала алмай, жоғарғы оқу орнына түсе алмай жұмыссыздар санын көбейтіп жүрген жастарымыз отбасының ғана емес, бүкіл еліміздің алаңдауына негіз болуы керек. Сондықтан оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс деген Мемлекет басшысының ұстанымы біздің де көңілімізден шығады.
Жолдаудағы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыру, атап айтқанда келер жылдан бастап ұстаздар жалақысының 25 пайызға өсуі осы салада еңбек етіп жүргендердің баршасының көкейіндегі мәселе болатын. Сонымен қатар оқушыларды сапалы оқулықпен қамтамасыз етуді қатаң сұрайтын кез келді.
Жанат Мұқашев,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы.