Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес қыркүйек айының 4-6 аралығында «Қорғау-2019» Республикалық штабтық машықтану өткізілген болатын.
Ауданымызда да аталмыш шара аясында машықтануды сапалы және уақытында өткізу үшін жедел топтар құрылып, олардағы байланыс жүйелерінің жағдайы, күш пен құралдардың дайындығы тексерілді. Және де жинақтау, қабылдау эвакуациялық пунктерін, қорғаныс ғимаратын қарау ұйымдастырылды. Оқу жаттығуға 22 мекемеден 115 адам, 35 техника қатысты.
Штабтық машықтану барысында «Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру, эвакуациялық іс-шараларын ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы № 1124-24қ қаулысы мен Сарқан ауданы әкімдігінің ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Азаматтық қорғаудың аумақтық құрлымдарымен ауданның шұғыл әрекет ету жасағын құру туралы» №69 қаулысы басшылыққа алынды.
Өз тілшіміз.