Қыркүйектің 20-сында Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті. Жиналысты аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Мұрат Түсіпов жүргізді.
Депутаттық фракция отырысына аудан әкімі Марат Разбеков, Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева, аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жамал Құлахметова, аудандық депутаттық фракцияның мүшелері қатысты.
Жиналыста «Өңірлерді дамыту бағдарламасы және жергілікті жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру туралы» аудан әкімі Марат Разбеков, «Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы» аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Шулғаубаев, «Алмалы ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барысы туралы» Алмалы бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауылдық округтің әкімі Асқар Тұрғанбеков есеп берді.
Жиынды Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
Өз тілшіміз.