ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздің білім беру саласында бірқатар сұрақтардың жіті бақылауға алынуын және шешімін табатынына сенімімді оятты.
Ауылды мекендердегі жас дарындарды іріктеп, шет елдік ЖОО-да білім алуларына ықпал ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына жағдай жасау, отбасылық зорлық-зомбылық және бала құқығы, жасөспірімдер арасындағы оқыс оқиғаларды болдырмау жолында мақсатты жұмыс атқаруды тапсырды.
Осы орайда, Бірлік орта мектебінің психологиялық қызметі оқушылардың өмірге құштарлықтарын арттырып, балалық шақтарының бақытқа толы екендігіне ой шолып, өмір құндылықтарын бағалауына мүмкіндік жасау мақсатында «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында мектепішілік психологиялық апталық ұйымдастырып өтті.
Апталық шеңберінде іс-шарадан қалыс қалған бала болмады. Жоғарғы буын оқушыларымен «Менің өмірімнің ғажайып тұстары» тақырыбында шығарма байқауын ұйымдастырып, жүлделі І орынды 11 сынып оқушысы Матебаева Мадина, орта буын оқушыларымен «Менің ғажайып өмірім» атты мүсіндеу байқауын өткізіп, І орынды 6 сынып қанжығаласа, бастауыш буын оқушылары арасында «Менің ғажайып өмірімнің түстері» сурет байқауынан І орынды 1 сынып оқушысы Қанат Аққу алып отыр.
Апталық соңын «Мен өмірді таңдаймын» тренингтік жаттығулары қорытындылап, марапаттау рәсімі тәмамдады.
А.Бораншина,
Бірлік орта мектебінің психологы.