Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйек аралығында «Жалпы әлемдік туризм» күніне арналған Сарқан ауданында білім қызметкерлеріне арналған туристік следі өтті.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Сарқан аудандық филиалы, аудандық білім бөлімі және аудандық спорт бөлімі бірлесіп өткізген шараға 11 команда қатысты.
Шараның ашылу салтанатына Сарқан қаласының әкімі Амантай Мұқанов арнайы қатысып, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді. Ұйымдастырушылар тарапынан Сарқан ауданық кәсіподақ филиалының төрағасы Ермек Алинов сөз алып, жарыстың ережесімен таныстырды. Сонымен қатар, шара қатысушыларына сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі Марат Калимжанов сөз алып, командалар арнайы жасалған кедергілерден өту арқылы алғашқы болып бақ сынайтындығын жеткізіп, спорттық шараны ашық деп жариялады.
Жарыстың алғашқы күнінде 8 адамнан құрылған команда мүшелері табиғат аясында жарыс жолағын бағдарлау, әріптестер бір-біріне медициналық көмек көрсету, су бетімен келесі бетке жету сынды түрлі кедергілерді бағындырды.
Келесі күні жарыс қатысушылары қабырға газеті, тұрмыстық, суреттер және бейне байқаулар сайысында бақтарын сынап, өзара үздікті анықтады.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Теректі орта мектебі, ІІ орынды Тасарық орта мектебі және ІІІ орынды Ақын Сара атындағы орта мектебі иеленді. Жеңімпаздарға аудандық кәсіподақ филиалының дипломдары және бағалы сыйлықтары табысталды.
С.Смаилова,
Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің есепшісі.