Алтын күз

Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде» аудан бойынша есепте тұрған балаларға «Алтын күз» атты ертеңгілік өткізілді. 

Ертеңгілікті күз ханшайымы ашып, төрге балаларды шақырып көкөністер айтысы басталды, балалар ешкімнен қалыспай өз өнерлерін көрсетіп, қоғамның бір мүшелері екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар іс шара қолөнер көрмесімен жалғасты, көрмеге балалар күз мезгіліне байланысты шығармашылықтарын көрсетіп қорғады. Күз ханшайымы балалардың өнерлерін бағалап, сыйлықтар тарту етті.

А.Құрмаш,

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.

Мәліметпен бөлісу: