Келер жылы атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі өзгереді

2020 жыл аз қамтылған, көп балалы отбасылар үшін өзгеріске толы болмақ. Мемлекеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алу тәртібі өзгереді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар көп балалы отбасының барлығына  отбасы мүшелерінің табысы қаралмай төленеді. Бала санына қарай 42500 теңгеден 73370 теңгеге дейін. Бала күндізгі бөлімде оқу оқыса 23 жасқа дейін жәрдемақы алуға  мүмкіндік бар. Атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылы да беріледі. Тек мемлекеттік көмек мұқтаж отбасыларға ғана тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. 2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде белгіленді. АӘК мөлшері, бұрынғыдай, отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 % арасындағы айырманы құрайды.

Орын алуы мүмкін бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алудың кейбір рәсімдері мен шарттары өзгертіледі.

Оның бірі атаулы әлеуметтік кө-мек тағайындауға құжат тоқсан сайын қабылданатын болады. Учаскелік комиссиялардың жұмысы да күшейтіледі. Әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда учаскелік комиссиялар АӘК тағайындаудан бас тарта алады.

Көмекке мұқтаж отбасыларына мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындарын және жеңілдетілген микрокредиттер мен бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар алу ұсынылатын болады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

«Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді».

Н.Әділова,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: