Алты алашқа аты мәлім Ақтайлақ бидің мол мұрасы ішінде мынадай жыр жолдары ұшырасады:
Қаракерей алтын қазық,
Матайым күміс қазық,
Садырым жалаңтөс ерім,
Төртуылым – әлімперім.
Тарихтан белгілі, Төлегетай бабамыздан тараған осы төрт рулы елдің ішінде Садырдың жауынгер ұрпақтары үнемі жоңғар шабуылының өтінде болды.Өкінішке орай заманында Садыр руының ұранына айналған Алдияр батырды дәрежесіне сай ұлықтай алмай келеміз.
Алдияр ЕЛКЕҰЛЫНЫҢ есімі Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстың алғашқы, әрі ауыр кезеңіне қатысқан батырлардың алғы сапында аталады. Кейінірек есімі садыр ұранына айналды. Алдияр батыр шамамен 1641 жылы туған. 1712 ж. дүние салып, Шыршық өзенінің жағасындағы Төлеката, Қылыштыата қорымына жерленген.
Алдияр батыр Тәуке ханның заманында XVII-XVIII ғасырларда ғұмыр кешкен. Тәуке әкесі Жәңгір хан бұл дүниеден өткеннен кейін 1680 жылдан бастап 38 жыл қазаққа хан болып, 1718 жылы қайтыс болған. Алдияр батырдың жоңғарлармен шайқастың бел ортасында болғандығы ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан халық аңыздарына арқау болған.
Соңғы жылдары ұрпаққа ұран болған белгілі тұлғалардың ескерткіштері барлық өңірлерде бой көтеруде. Аудан орталығынан батыр бабамызға арнап еңселі ескерткіш тұрғызу мақсатында «Бабалар рухы» қоғамдық қоры құрылды. Ортақ мақсатқа үлес қосу — ұрпақтарының перзенттік парызы. Ендеше баба есімін мәңгі есте қалдыруға сарқандықтардың жұдырықтай жұмыларына сенеміз. Сіз де осы игілікті істен шет қалмаңыз!
Жанат Мұқашев,
«Бабалар рухы» қоғамдық қорының төрағасы.
«Бабалар рухы» қоғамдық қорының Қазақстан Халық Банкі Сарқан аудандық басқармасында ашылған есеп-шоты:
KZ 776010311000083911
SWIFT BIC: HSBKKZKX
БИН/ИИН: 190640010888
QIWI Кошелек: +77016099075 нөмірге «Қайырымдылық».