27 қараша күні аудандық әкімдікте аудандық Қоғамдық ке-ңестің кезекті 7-ші отырысы болып өтті.
Аталмыш кеңес төрағасы С.Садықов ашқан басқосуда «Сарқан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көрсетілген қызметі туралы» бөлім басшысы Т.Аязбаевтың есебі тыңдалды. Бағдарлама аясында жасалып жатқан жұмыстарды есепті баяндамасына арқау еткен Талғат Тоқтасынұлы сондай-ақ бюджеттік несиеге ие болғандар туындатып отырған бірқатар түйткілдерді де ортаға салып, бұған қатысты өз пікірін білдірді. Жиын соңында кеңес мүшелері бөлім басшысына сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Хаттамалық шешім негізінде есеп қанағаттанарлық деп есептелінді.
Өз тілшіміз.