Барға қанағат етіп, елде болсын деп, жан-жағына шуағын шашып жүретін азаматтардан кенде емеспіз.
Жыл аяқталып қалды. Санаулы күндерден соң жаңа жылға қадам басамыз. Төңірегімізде тұрмыстан тапшылық көріп жүрген адамдардың болмауы үшін қала, ауыл әкімдіктері қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Осыған орай аудан аумағындағы кәсіпкерлерді, бизнес өкілдерін қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз. Шарапатты шарадан қалыс қалмаңыздар!
Ұйымдастыру комитеті.