Стоматит – ауыздың кілегей қабықтарының қабынуы (ауыз уылуы). Стоматиттердің талауранған түрі жиірек, ал күлдіреген, жаралы, күлбіреген қабыршықтанған және іріңді түрлері сирегірек кездеседі.
Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, ал пайда болу себептеріне байланысты — басалқы және қосалқы болады. Басалқы стоматит қабықтың тітіркенуінен өз бетiмен, ал қосалқы – басқа бір аурулардың салдарынан пайда болады.
Себептері. Ауыз қуысының кілегей қабықтары құнарсыз, қатты, дөрекі талшықты, тiкeнeктi азықтармен, ipi туралған сабанмен, дәмді өсімдіктердің және қылтанақтың қылқандарымен, бөтен заттармен, ауыздықпен, тic жарғанда және олар алмасқанда, сонымен катар, азу тicтepi дұрыс мүжілмей, шеттері үшкірлегенде, торайларда — арсиған азу тістерінің (клык) қажауынан зақымдалынады. Кілегей қабықтарының химиялық зақымдалуы мал сарғалдақ, сүттіген, қыша, қырыққұлақ және басқа да улы шөптерді жегенде пайда болады.
Белгілері. Стоматит қай түрде өтciн азықты шайнау процесі бұзылады. Мал азықтың майдасын, жұмсақтарын таңдап алып, абайлап, жаймен, арасында дем алып барып шайнайды, кейде қатқыл, ipi сабақтарды аузынан сыртқа шығарып тастайды.
Анықтау. Ауыз қуысын ашып қарағанда стоматиттің нақтылы зақымдалынған жерін, түрлерін ажырату қиынға түспейді. Бірaқ басалқы не қосалқы түрлерін ажырату үшін малдың клиникалық күй-жайын да есепке алады.
Eмi. Алдымен аурудың пайда болу ceбебін анықтап, жою қажет. Малға жеңіл өңделетін жұмсақ азық (шөп, жемді буда бұқтырып) және суды керегінше берген жөн. Азықтанған соң ауыз қуысын Эсмарх кружкасы көмегімен 1% -дық тиіс Na гидрокарбонат, 1:1000 қатынастағы калий перманганат, 1:1000 қатынастағы риванол, 1 : 5000 қатынастағы фурациллин, 3% -дың бор қышқылы ерітінділерімен 3-4 реттен шаяды. Уытты ойық жараларды (язва) йод-глицерин қоспасымен өңдейді. Қабыршақтанған және жаралы стоматитте микробтарға қарсы дәрілер ерітінділерін және глицеринмен араласқан йод препараттарын қолданады.
Ескертеміз: Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Сарқан ауданы бойынша жергілікті ветеринариялық дәрігерлері жұқпалы мал ауруларына қарсы іс –шараларын жүргізеді. Жаңадан туылған төлдерді немесе сырттан келген малдарды жергілікті ветеринариялық мал дәрігеріне құжаттарын уақытылы рәсімдеулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар өлім-жітімге ұшыраған немесе сатылған, өз қажеттілігіне сойылған малдарды уақытылы тіркеуге қойып немесе алу қажет. Ветеринариялық іс-шараларына сұрақтарыңыз болса келесі телефон номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Сарқан аудандық ветеринария бөлімі: 2-29-17.
Сарқан аудандық ветеринария станциясы: 2-18-02.