Жырлайды жүрек

Осындай тақырыппен аудандық мәдениет үйінде Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындаушылар арасында байқау өтті.

Байқауға 20 үміткер қатысып, бас жүлдені Алмахан  Кенжебекованың «Жас қайың» әнін көрермендер көңіліне ұялатып орындай білген Әйгерім Нұрмұхаметқызы жеңіп алды. «Сары ала қаз» әнін өзіндік мәнермен аудиторияға жеткізген Әлішер Хаметсапа жүлделі бірінші орыннан көрінді. Сондай-ақ Мұқан Төлебаев ауылынан келген Гүлден Сапарғалиева орындаған «Қазағым-ай», Әділет Әбжаппаровтың репертуарындағы «Мен деп ойла», Ақерке Бабайқара тамылжыта шырқаған «Ұнатамын мен сені», Азалья Амангелдінің орындауындағы «Саржайлау», Лепсі ауылының өнерпаздары Арай Әміртай мен Дәулет Қасымов орындаған «Шәмші қайда?» әндері тыңдармандарды таңдандырып, аталған әншілер  жүлделі орындарға қол жеткізді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: