Шаңғы туризмі насихатталуда

Кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.

Жуырда Қарғалы ауылында Алматы облыстық білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен шаңғы туризмінен туристік көпсайыс додасы ұйымдастырылды. Білім ордаларынан іріктеліп жасақталған 14 команда қатысқан жарыстың бәсі жоғары болды.  Салауатты өмір салтын ұстануды, шаңғы туризмін дамытуды мақсат еткен сайыстың қорытындысы бойынша жоғарғы дайындық пен жеңіске деген жігер көрсете білген Н. Островский мектеп-лицейінің командасы жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен мадақтау қағаздары табыс етілді.

Ж. БЕРШИМБЕТОВ,

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: