Армияда жемқорлыққа орын жоқ

2020 жылғы 29 қаңтар күні Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің қызметкерлері әділет капитаны Н.Зейтиновтың, кіші сержант Е.Ниетбековтың қатысуымен қорғаныс істері бөлімінде қылмыстар, құқық бұзушылықтар, әкімшілік құқық бұзушылықтар деректерін болдырмауға және алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Онда алдымен сөз алған подполковник Талғат Амантайұлы Альсеитов бүгінгі дәріс қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

Әскери полиция бөлімінің қызметкері, әділет капитаны Н.Зейтинов жеке құрамға Қылмыстық және Әкімшілік кодекстері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен ондағы заң тармақтары жайында кеңірек әңгімелеп берді. Отырыстың қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданды. Оның ішінде әскери қызметшілер мен азаматтық персонал арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және оның жолын кесу жайттары қаралды.

Т. Альсеитов,

 Сарқан ауданының ҚІЖБ бастығы, подполковник. 

Мәліметпен бөлісу: