Денсаулық күнін атап өтті

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады.

Біздің ата- бабаларымыз да «тәні саудың – жаны сау» немесе «басты байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпағаны белгілі. Жалпы салауатты өмір салтын ұстану әркімге болса да пайдалы. Мұны жуырда біркісідей денсаулық күнін атап өткен Аманбөктер ауылдық округінің тұрғындары дәлелдеді. Еңкейген қариядан бастап еңбектеген балаға дейін қыс қызығы-сырғанақ тебудің кереметін көзбен көрді. Ауылымыздың жері таулы-төбелі болып келуі де алысқа ұзамай шанамен қысқы саф ауаны қақ жарып заулауға зор мүмкіндік бергендей. Бірінші байлық – денсаулық болса, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Ауылдықтар бір сәт осыны айқын сезінді.

Ж.Жунисбекова,

Аманбөктер ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: