Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып – білмек парыз деп білемін. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.
Жас оқырмандарды ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін танитын талапты ұл – қыздар тәрбиелеу. Жаңа ғасырдың табалдырығынан батыл аттап, еліміздің қадамын нығайтқан тұста ақынның 175 жылдығын атап өткелі отырмыз. Президентіміздің бұл бастамасын қолдап, тіпті Қазақстан түгілі Юнеско көлемінде тойланып отыр.
Сол сияқты біздің мектеп – лицейі кітапханашылары Галицкая Надежда, Исмаилова Ануза ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби – шығармашылық кеш өткен болатын.
Кешке әртүрлі бастауыш, орта және үлкен буын оқушылары ат салыса қатысып өз өнерлерін ортаға паш етті. Кеште Абай өлеңдерінен сыр шерте оқыған оқушылардың көп болғанымен қоймай, Абай өлеңдерін үш тілде орындап кеш мерейін асырды. Садиева Ясмина ағылшын тіліне аударылған ақын өлеңін оқып көрермен сүйіспеншілігіне бөленді. 8 сынып оқушылары Молжігіт Ислам мен Қами Темірболат «Абай мен әкенің айтысы» атты көрініс қойып кешті қыздыра түсті. Кеш соңында Заманбекқызы Лаура «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, оқушылар қосыла шырқады. Әрине бұл бір ғана кеште қасиетті баба жөнінде айтып тауысу мүмкін емес. Абай – өлеңдері – халық қазынасы, мәңгілік шежіре.
Ақжарқын Заманбек,
Н.Островский атындағы мектеп-лицейдің дефектолог маманы.