Ұлы халықтың -ұлы Абайы!

Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2020 жылдың 9 қаңтарында Егемен Қазақстан газетінің  №5 (29734) нөмірінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді.

Ендігі таңда білім ошақтарында және барлық ұйымдарда  ғұлама Абай ақынның 175 жылдық мерейтойын атап өту міндеттелді. Басты мақсат той тойлау емес, келешек жас ұрпаққа осындай ғұлама, Ұлы, бір туар ақыны бар екенін білдіру. Ол кісінің баға жетпес, сарқылмас, тәрбиелік, рухани азық болатын шығармаларын дәріптеу болып табылады. Осындай елеулі шараларды балабақшаның  кішкентай бүлдіршіндер арасында да өткізу көзделді. Екіаша ауылы «Балдәурен» бөбекжай бақшасында да ақынды бірегей құбылыс ретінде бағалап, тану мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Айта кетсек, «Ұлы Абай шығармашылығы» топ арасында челендж түсірілді. Бөбекжай бақшасының  тәрбиешілерінің арасында ақынның қара сөздерін мәнерлеп айту, тәрбиеленушілер арасында өлеңдерін жатқа айтты. Үлкен топтар арасында «Өлмейтұғын артында із қалдырған» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Музыка мен би жетекшісінің ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты сазды- музыкалық кеш ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Абай өмірі және оған қатысты қызықты деректер» тақырыбына барлық топтарда көрме қойылды. Сондай- ақ барлық топтарда «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбын алып, лэпбук құралы  жасалды. Айта кетсек педагогтар арасында өз қалауларынша аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға мақала жариялау ұсынылды. Сондай-ақ үлкен топтармен «Абайтану» тақырыбында жоба жүзеге асырылып жалғасын табуда. Осы ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде бүлдіршіндерде мәңгілік елдің мәңгілік тарихын қалаған ғұлама ақын туралы аздаған түсінік қалыптасты деп үміттенеміз!

Лаура Жинакова,

«Балдәурен» бөбекжай бақшасының «Балдәурен» ересек топ тәрбиешісі.

Мәліметпен бөлісу: