Алматы облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы
13 сәуірдегі №6 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 14.04.2020ж. №33 және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 14.04.2020ж. №33-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 17.04.2020ж. №34 қаулыларына сәйкес, Алматы облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі «Алматы облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар карантин енгізу туралы» №6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 2 тармақтың 1) тармақшасы толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:
- «2. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, Алматы облысының полиция Департаменті және басқа да мүдделі қызметтері қамтамасыз етсін:
1) «басқа облыстармен шектесетін облыс аумағының периметрі бойынша полиция қызметкерлері (әскери, әскери міндеттілер және басқалар), медицина қызметкерлері, көлікті дезинфекциялық өңдеу үшін мамандар қатарынан блок-посттар орната отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және бекеттерге келуші тұлғаларға сауалнама жүргізуді. Полиция және әскері қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды.»;
- 2 тармақ 19) және 20) тармақтармен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:
- «19) медицина қызметкерлерінің тұрғындардан, отбасынан оқшаулап, тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұру мәселесін шешу. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыру.»;
- «20) медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлу. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізу.»;
- 2 тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
- «Мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлікті (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы ұсынған жағдайда (еркін үлгідегі анықтама) көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, оның ішінде омарташылық шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге тартылған тұлғалардың көлігін қоспағанда, жеке көліктің облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішінде орын ауыстыруын шектеуді.»;
- 5 тармақ келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
- «жеке тұлғаларға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды.»;
- «қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды.»;
5) 4 тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
6) 5.1. тармақтан келесі тармақшалар алынып тасталсын:
- «санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отырып және келушілер арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр сақтай отырып, әдеттегі режимде жеке орналасқан пошта байланысы объектілері және екінші деңгейдегі банктер.»;
- «елді мекен ішіндегі қоғамдық көлік. Қалалық және аудандық автобустардың толымдылығы отырғызу орындарының 40% — нан аспауы тиіс. Қоғамдық көлікте қорғаныш маскасыз жүруге тыйым салынады. Дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып әрбір рейстен кейін автобустарды, қоғамдық көлік аялдамаларын өңдеу (күніне кемінде екі рет).»;
7) 5.1. тармақ келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
- «төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімін алғанға дейін жеке орналасқан почта байланысы объектілері.».
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері К. Баймухамбетов