Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия отырысының 2020 жылғы 23 тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылдың 18 сәуіріндегі № 212 «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шықты.
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу (бұдан әрі – шығындарды өтеу) Осы Қағидаларда айқындалған санаттағы адамдардың және карантин енгізілген елді мекендерде, аумақта тұратын адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырады.
Қағиданың 5 тармағына сәйкес, коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшоты болған кезде төмендегі адамдар санаты
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар.
Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы 1)жеке сәйкестендіру нөмірін, 2)әлеуметтік мәртебесін және 3)есепшотының деректерін көрсете отырып, +7 72839 2-18-73 call-орталық арқылы көрсетілген телефон номеріне хабарласа аласыздар

Мәліметпен бөлісу: