Маусымның әр үшінші жексенбісі — медицина қыз-меткерлерінің күні. Абзал жандарға арнайы құрмет көрсетілетін осынау атаулы күн биыл карантиндік шектеу аясында дабыра-думансыз өтті. Дегенмен де қалың жұрт-шылықтың шынайы алғысы адам жанының арашашыларына арналды. Шын мәнінде де жүректен шыққан шынайы алғыстан артық құрмет жоқ емес пе?! Тарихқа жүгінсек Сарқан ауданының денсаулық сақтау саласының іргетасы 1920 жылы қаланып, бастапқыда 10 төсектік аурухана деңгейінде көпшілікке қызмет атқарған көрінеді. Аурухананың алғашқы бас дәрігері ретінде Петровский Александр Николаевичтің есімі сарқандықтардың жадында қалды. Аудандық ауруханадағы ескерткіш тақта алғашқы дәрігердің құрметіне қойылған. Александр Николаевич 1950 жылға дейін осы қызметті атқарып, 1950 – 1955 жылдар аралығында Колбина Анна Лаврентьевна бас дәрігер қызметінде болыпты.
Жауапкершілігі зор ауданның денсаулық саласын 1955 – 1958 жылдары Хусаинов Мизбак Галакбарович, 1958 – 1959 жылдары Маслянников Виталий Семенович,1959 – 1960 жылдары Бурмистров Валентин Алексеевич,1960 – 1961жылдары Кузнецова Наталья Яковлевна,1961 – 1964 жылдары Янчарук Виктор Платонович,1964 – 1968 жылдары Чугулов Жанарстан Омарбекұлы, 1968 – 1970 жылдары Жантасов Әбіш Байғосынұлы, 1970 – 1981 жылдары Закарин Тілеужан Тұрлыбекұлы,1981 – 1985 жылдары Шульгин Николай Васильевич, 1985 – 1989 жылдары Полтавцев Владимир Николаевич,1989 – 1992 жылдары Алиева Рауза Хажымқызы, 1992 – 1993 жылдары Карпуша Борис Николаевич, 1993 – 2007 жылдары Қалибеков Мұрат Қалибекұлы, 2007 – 2008 Жумагельдин Ашимғали Құсайынұлы, 2008 – 2011 жылдары Долаева Маншүк Садырбайқызы, 2012 – 2017 жылдары Мырзашев Иманғали Бөлегенұлы басқарса, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шулгаубаев Алтай Камиұлы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері лауазымында.
-Біздің жауапкершілігіміз дәл бүгінгідей карантиндік шектеу кезінде үстемелене түсуде. Жарғақ құлағы күндіз-түні жастыққа тимей тығырықтан шығар жол іздеп, қауіпті дерттің алдын алуға бар білім-білігін, күш-жігерін салып жатқан дәрігерлерге ризашылығым шексіз,-дейді Алтай Камиұлы мереке қарсаңында дидарласқан сәтімізде.
Аудандық аурухананың аумағында 1988 жылдары құрылысы бастау алып, 1991 жылы тоқтап қалған перзентхана ғимаратын 105 орындық аурухана мен тәулігіне 100 келімді әйелдер ғимаратына қайта салынып, қолданысқа берілуі аурухананың 100 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Аталған құрылыстың қайта бастау алуында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Сарқан аудандық орталық аурухана басшылығының үлесі зор.
Ауруханананың 100 жылдық қызметі ішінде адамзатты өлімнен арашалап, өмірін ұзартып, ауданның денсаулық сақтау саласында мінсіз адал еңбек еткен дәрігерлер: Онекин Өмірұзақ Тоқтарбайұлы, Ахметова Гүлзахан Ерсалімқызы, Введенская Тамара Даниловна, Тайляқова Әнапия Құмарқызы, Байтлеуов Абеуғали Сейдахметұлы, Ументаева Вера Яковлевна, Қалығұлова Чайкүл Ежеғұлқызы, Алиева Рауза Хажымқызы, Төлегенова Сағатай Абдуақасқызы, Тайжакова Гүлнара Сағымбайқызы, Өтеулинова Салима Закарянқызы, Қайрамбаева Майра Абуғалиқызы, Белинский Леонид Иванович, Қойжанова Айымхан Сабырқызы, Қанапиянов Серік Ғазизұлы, Тилемисов Туебай, Тулеуова Уәзипа Кәрімқызы, Ысқақов Төлеухан Ысқақұлының есімдері жұртшылық жүрегінен орын алған.
Сарқан аудандық орталық аурухана құрылымында 27 медициналық мекеме бар, оның ішінде 1 аудандық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік пункт, 12 медициналық пункт қызмет атқаруда. Емханаға тіркелген халық саны – 37 730, оның ішінде еркектер саны – 18 826, әйелдер саны – 18 904. Жас құрамы бойынша: 1 жасқа дейінгі балалар – 496, 0 жастан 14 жасқа дейінгі балалар – 10 912, 15 – 17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 1717, 18 жастан жоғары ересектер – 25 071.
Ауруханадағы дәрігерлер саны – 66, олардың ішінде 16 – ы жоғары санатты, 5 – бірінші санатты, 4 – уі екінші санатты дәрігерлер. 10 000 тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтамасыз ету көрсеткіші – 17,5.
Жыл сайын ауданға жас мамандар келіп, халыққа адал қызмет етуде, мәселен, 2019 жылы ауданға 7 маман келсе, ағымдағы жылы да 6,7 жас маман келуге ниет білдіруде.
Орта буын қызметкерлері – 356, оның ішінде 66 – ы жоғары санатты, 2 – уі бірінші санатты, екінші санатты орта буын мамандары жоқ. 10 000 тұрғынға шаққанда орта буын мамандарымен қамтамасыз ету көрсеткіші – 94,4.
Біріншілік медициналық-санитарлық көмек 25 аймаққа бөлінген, оның ішінде 6 педиатриялық, 6 терапиялық, 13 жалпы тәжірибелі дәрігерлер аймағы. Тәулік бойы жатып емделетін төсектер саны – 528, оның ішінде: терапия бөлімінде – 35 төсек; нейроинсульт бөлімінде – 25 төсек; хирургия бөлімінде – 20 төсек; травматология бөлімінде – 20 төсек; педиатрия бөлімінде – 35 төсек; перзентхана бөлімінде – 20 төсек; жұқпалы аурулар бөлімінде – 25 төсек; провизорлық бөлімде – 19 төсек; карантин бөлімінде– 329 төсек (Аудандық ауруханада – 29 төсек, Лепсі ауылдық ауруханасында – 100 төсек, «НҰР» психоневрологиялық диспансерде – 100 төсек, Қарауылтөбе ауылындағы бос ғимаратта – 100 төсек). Емхана бөліміндегі күндізгі емдеу бөлімінде 117 төсек, стационарлық күндізгі емдеу бөлімінде 10 төсек орналасқан. Емханада біріншілік медико – санитарлық қабылдау, консультативтік кеңес, лабораториялық зерттеулер, диагностикалық зерттеулер мен ем – шаралар жүргізіледі.
Ж.ЖОМАРТҰЛЫ.