Орталық жылу қазандығы іске қосылғалы қаламыздағы көпқабатты тұрғын үйлердің сәні кірді. Осыдан бес-алты жыл бұрын есік-терезесі үңірейіп, тонауға ұшыраған, қаңғыбастар жайлаған ақ кірпіштен салынған үйлер жыл сайын жаңарып, жасарып бара жатқандай. Әр тұстан далаға тартылған түтіндік темір мұржалар да алынып тасталды. Биыл күн жылынысымен сол көпқабатты тұрѓын үйлердіңауласын абаттандыру жұмыстары қолға алынды.
Бұл расымен де түйткілді мәселе болатын. Жаздың жаймашуақ кештерінде үйлердің аулаларында серуендейтін жердің жоқтығы тұрғындар үшін көптен бергі мәселе болатын. Бей-берекет қойылған көліктер де кедергі еді. Енді міне, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында аудан орталығында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру мақсатында 210 млн теңге бөлініп, жұмыс қарқын алып жүре берді. Аталған қаржыға үйлердің ауласында үлкендерге демалыс орны, балаларға ойнайтын алаң, сондай-ақ жабық спорт алаңдары салынып, кіреберістер жасыл желекпен көмкерілетін болады.
-Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отырмыз, — дейді аталмыш жұмысқа жауапты «Теплоремстрой» ЖШС-нің өкілі, объект басшысы Аяпбергенов Дәулетбақ. — Жұмысқа барлығы 52 адам тартылса оның 26-сы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы келген жергілікті т ұрғындар. Негізгі жұмыстардың 70-80% пайызы бітті деуге болады. Әрбір тұрғын үйдің кіреберістеріне брусчатка төселіп, қапталдарына жасыл желек егіліп, қылқан-жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылады. Көлік жүретін, тұратын жерлер асфальтталып, бордюрмен жиектеледі. Арықтарға толығымен лотоктар қойылып, көпірлер түседі. Балдырғандар ойнайтын алаңдар арнайы жұмсақ жабындымен (тартан) жабылады. Сондай-ақ әткеншектер, жаттығу жабдықтары, демалыс орындықтары орнатылып, қоқыс жәшіктері жабық қоршауға қойылатын болады. Құрылыс жұмыстары толығымен кестеге сай жүзеге асуда. Белгіленген мерзімде аяқтаймыз деген ойдамыз.
Ең бастысы тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұ мыстардың сапалы атқарылуы. Қарқынды тірлікке куә болған біздер құрылыс басынан осындай оймен қайттық.
П.Жеңісхан.