1.Смагулов Серік Құрманұлы 1966 жылы 24 қыркүйек Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1983 жылы Көктерек ауылындағы М.Маметова атындағы орта мектебін, 1990 жылы Алматы зооветинститутын бітірген. 1984-1986 жылдары Кеңестік қарулы күштер қатарында Германия Демократиялық Республикасында қызмет атқарған. 1990-1992 жылдары М.Горький атындағы кеңшардың №1 бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, 1992-1999 жылдары «Көктерек» өндірістік ауыл шаруашылық кооперативінің ветеринариялық дәрігері болып қызмет атқарған.
2000 жылы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің уақытша маманы болып жұмыс істеген. 2000-2002 Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы – малдәрігерлік бақылау инспекторы міндетін атқарушы болып жұмыс істеген. 2002-2003 жылдар аралығында Сарқан аудандық аумақтық басқармасы малдәрігерлік бөлімі Көктерек ауылдық округі бойынша жетекші маманы міндетін атқарушы болып жұмыс істеген. 2003-2006 жылдары Сарқан аудандық аумақтық басқармасы малдәрігерлік бөлімінің Көктерек ауылдық округі бойынша жетекші маманы-малдәрігерлік инспекторы болып жұмыс істеген. 2006-2009 жылдары Сарқан аудандық аумақтық инспекциясының Көктерек ауылдық округі бойынша жетекші маманы-ветеринариялық инспекторы болып жұмыс істеген. 2010-2014 жылдары «Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-ветеринариялық дәрігері болып жұмыс атқарған. 2014-2016 жылдары «Сарқан ауданының ветеринариялық станциясы» Көктерек ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі болып жұмыс жасады. 2016 жылдың 5 тамыз айынан бастап Көктерек ауылдық округінің әкімі қызметін осы күнге дейін атқаруда.
Отбасын құрған, 6 баланың әкесі.
Мен тұрғындардың әл-ауқатын және ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық тәжірибемді және шараларды, білімімді қосамын.
— Тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту; — Жаңа жұмыс орындарын құру; — Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау; — Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету; — Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары. — Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын; — Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.
Көктерек ауылдық округі әкімі қызметіне үміткер Оспанова Назым Ахметқызының өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
1. Оспанова Назым Ахметқызы 1989 жылы 06 мамыр күні Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1996 жыл Ы.Алтынсарин орта мектебіне барып, 2005 жыл бітірді.
2005 жылы Жетісу әлеуметтік гуманитарлық колледжіне түскен.
2013 жыл наурыз айында Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратына жастар практикасына кабылданды.
2014 жылдың 17 қаңтар айынан бастап Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұскаушысы болып жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары аралығында «Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2019 жылы наурыз айынын бастап «Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман – есепші қызметін осы күнге дейін атқаруда.
Отбасын құрған, 2 баланың анасы.
Әкім болу – демек, округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету.
1. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.
2. Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасаймын.
3. Округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсетемін.
4. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.
5. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.
6. Болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасаймын. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ халқының санын арттыруға күш саламын.
7. Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.