Жаңашылдық — сот жұмысын оңтайландырады

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 10 маусым 2020 жылы қол қойған болатын.

Қолданысқа енген заңдағы жаңашылдықтар:

— сот жұмысына заманауи формат ендірілген;

— артық сот рәсімдер мен шығындар қысқарған.

Яғни, электронды құжат нысанындағы дәлелдемелер, электрондық хаттама, сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану. Бұл өзгерістердің барлығы заманға сай — цифрландыру.

Артық сот рәсімдерін мен шығынын қысқарту бойынша:

АПК-нің 34-бабының 5-бөлігі бұрын 1 абзацтан тұратын еді, енді екінші абзацпен толықтырылды. Екі тарапта сот айқындаған соттылықпен келіскен жағдайда, олардың жазбаша өтініш хаты бойынша істі бір соттан екінші сотқа беру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу жүргізіледі.

Талап қою арызын қабылдау тәртібі бекітілген АПК-нің 150-бабының 1-бөлігі толықтырылып,татуласу рәсімдерін жүргізген жағдайда талап қою арызын қабылдау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатындығы жайлы көзделді. Дау реттелген жағдайда судья талап қою арызын өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және тиісті келісімді бекітеді.

Сонымен қатар татуласу рәсімдерін одан әрі дамыту мақсатында дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге қатысушы тұлғалар шеңбері кеңейді. Осыған дейін партасипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуіне жүзеге асырылса, Кодекске енгізілген толықтыруларға сәйкес адвокаттармен қатар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар да жәрдемдесуіне жол беріледі. Жалпы алғанда жаңашылдықтар істердің толық, уақтылы шешілуін қамтамасыз етуге, соттардың жұмысын оңтайландырып, іске қатысушылардың іс жүргізу шығындарын азайтуға бағытталған.

Е.Байболов,

Сарқан аудандық сотының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: