Жайлылық пен жылылық қатар сыйлады

Талғардық кәсіпкер мұқтаж отбасына газ қазандығын сыйға тартты.
Қайырымдылық жаса – қайырын өзің көресің! Алматы облысында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесушілер қатары күн санап артып келеді. Бірі — «Лидер НСК» ЖШС-нің директоры Нұрболат Кәрімов. Кәсіпкер бұл жолы Талғар қаласындағы тағы бір отбасын қуантты. Бакытгуль Масильбаеваның жанұясына көгілдір отынға тұтынатын басты қондырғына сатып алып берді.

Бакытгуль Масильбаева – үш бала тәрбиелеп отыр. Біреуі — мүгедек. Бүгінге дейін үйін газға қосу үшін жалғыз басты ана күн – түн деп бір өзі қаржы жинап келді. Енді міне қайырымды жандардың арқасында көмір тасу от жағу машақанына құтылып отыр.

Менің қуанышымда шек жоқ, енді үйімізде газ болады. Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, маған бәрін бір өзім жасау қиын болғаны рас. Әсіресе қыс кезінде. Кейде отын, көмір таусылып қалғанда қатты қиналатынмын. Газ тіпті жақсы болды. Көмірге тонналап алғанда қаржы көп кететін. Енді газда ақшаңда үнемделеді. Отбасыма осындай қуаныш сыйлап отырған кәсіпкерлерге жергілікті азаматтарға айтар алысым шексіз деді — Бақытгүл Мәсілбаева.
Жалғыз басты анаға қазандықты орнатуға және барлық қажетті құжаттарды жасауға қала әкімдігінің қызметкерлері көмектесетін болады.
Айта кетсек, Нұрболат Кәрімовтың игілікті ісі бұл ғана емес. Мүмкіндігінше әр кез көмек көрсетуге дайынмын дейді кәсіпкер.

Осы отбасы туралы білгенде мен оларға көмектесуге шешім қабылдадым.
Қыс көзі қырауда көмір тасып, пештің отын қыздырып отыру әрине қиын, оңай жұмыс емес. Әрі қауіпті. Қазір мүмкіндік көп қой. Газ қосып алса ең ыңғайлысы осы болады — деді Нұрболат Каримов.



Мәліметпен бөлісу: