Алматы облысы әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы өз иесін тапты

«Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған» дархан елдің қанына қайырымдық жасау ісі біте қайнасқан. Қазақ қашанда сүрінгенге демеу, сүйенгенге тіреу болған. Бұл әсілі халықтың тектілігімен тікелей байланысты болса керек. Атамзаманнан бауырын жұртта қалдырып, жұтқа тастамаған бабалар ұстанымы бүгінге дейін жалғасып келеді. Замана өзгерседе адамзат кісілік келбетін жоғалта қоймады. Онысы елім деген ерлердің «әр қазақ — менің жалғызым» деген ұстанымды ұстанып, қысыл-таяң сәтте қол ұшын созғандығынан көрініс тапса керекті.

Тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта бір-бірімізге деген бауырмалдық сезімінің отын өшірмейік деп, волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында «2020 жыл – Волонтерлар жылы» деп жариялады.

Аталған бастаманы қолдағандар саны есепсіз болды. Оған дәлел, өңірдің әр түкпірінен өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтын азаматтардың бас көтеруі. Жасы мен жасамысы күш біріктіріп, арнайы қайырымдылық қорын құрып, кейбірі жекелей қол ұшын созып, көмектесіп жатты.  Сан қилы тағдырларға көз жұмып қарау мүмкін еместігін түсінген ерек жандар жанын салды, барын аямады. Осылайша олар теңіздің тамшысындай болсада өз үлестерін қосты.

«Ғұлама Абай «Адамзаттың барлығын сүй бауырым «деп баршамызға өсиет қалдырды. Волонтер болу — жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы еріктіліктің жарқын үлгісі боларына күмәнім жоқ. Мен волонтер жылы аясында ең алдымен еліміздің жастарына зор сенім артамын. Әрдайым абыройлы, әрі табысты болыңыздар», — деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Алматы облысында да небір волонтерлік қозғалыстар болып,шын мұқтажадарға материалдық және моральдық тұрғыдан қолдау көрсетілді.

Жұдырықтай жүректеріне бар алашты сыйғызған мәрт азаматтар бұл істі атақ, даңқ үшін жасамады. Олар тек, архардай ауып жүрген адам баласының арқа сүйуіне мүмкіндік берді. Дегенмен, облыс басшылығы мұндай кең жүректің иелерін ескерусіз қалдырмауды жөн көріп, атқарған істеріне қарай лайықты құрметін көрсетті.

Осыған орай, Жетісу өңірінде  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік бағыттарын және  Мемлекет басшысының жарлығын іске асыру, ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруды нысанаға ала отырып,  еріктілер арасында облыс әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы  салтанатты түрде табыс етілді. Шарада  8 аталым бойынша адал жандар ардақталды.

«ASYL JÚREK» премиясында «Мұрагер» Этно волонтерлік  номинациясы Александр Сон лайық деп танылды. Ал, әлеуметтік ерікті ретінде «Жан жылуы» аталымынан Амангелді Толамисов марапатқа ие болды. Адамзаттан бөлек, табиғат анағада құрметпен қарау үлкуен жауапкершілік пен аса мейірімділіктің арқасында орын алады. Бұл ретте Эко волонтерлік жеңімпазы болып  Сергей Тандеев таңдалды.

Жануарларға қамқорлық көрсеткендерде тұғырлы тұғырдан көрінді.  –Вероника Гузенко «Хайуанаттар қорғаушысы» ЗОО волонтерлік аталымын жеңіп алды. Еріктілердің ішінде «Көзсіз ерлік» номинациясын  – Оксана Оралбайқызы қанжығасына байлады. « Білгенімен бөліскен» Онлайн волонтерлік жеңімпазы Алишер Ермекұлы болса, «Шипагер» медицина еріктілігі жүлдесі Алмабек Баткалбековке бұйырды. « Халық жанашыры» деп  Хумар Халысұлы танылды. Айта кетейік бұл додаға 100 ге жуық өтініп келіп түскен. Арнайы сыйлыққа ие болғандар, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар.

Шара тек, жеңімпаздарды марапаттаумен шектелмеді. Қайырымды жандар әдеттерінен жаңылмай тағы бір отбасыны қуанышқа кенелтті. Олар 5 баланың анасы, Ақмарал Наурызбекова баспана кілтін табыс етті. Үйдің кілтін  «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының актері Мадияр Серікбаев берді.

Жалғызбасты ананың қоныс тойын тойлауы «1000 теңгеге баспана» жобасының аясында жүзеге асып отыр. Бұл биылғы жылы «Харекет» қоры тапсырған 366 -шы үй.

«5 қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым жол апатынан қайтыс болған. 2016 жылда бері үй кезегінде тұрмын. Бүгін араға 4 жыл салып үйлі болдым. Баспананы өзім тұратын Көксу ауданы, Бақтыбай ауылынан алып берді.  Ерікті Амангелді Ғабдылкәрімұлына, Мадияр Серікбаевқа және «Харекет» қайырымдылық қорының басшысы Гүлмира Мұқанқызына алғысым шексіз»,- деді Ақмарал  Нұртазақызы.

Сондай-ақ, марапаттау барысында «Asyl Júrek: Көзсіз ерлік» номинациясының жеңімпазы, «Lider.kz» еріктілер клубының мүшесі Оксана Әмірғалиева өзінің ақшалай сертификатын көп жылдар бойы мұқтаж отбасыларға көмектесіп,               із — түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге қатысқан Үштөбе қаласының еріктісі – әріптесі Екатерина Серединаға берді. Себебі, тек шетелде ғана жүзеге асырылатын Екатеринаның емделуіне 5 мың еуро қажет.

Ерікті болу-ерлік. Қоғамның кетігін жамауға жұдырықтай жұмыла қарекет еткен атпалдай азаматтардың еңбегі ерен. Бейбін күнде бір-бірімізге деген мейірім сәулесі сөнбесін.

Мәліметпен бөлісу: