Аға буынның айтары бар

Аудан әкімі Талғат Қайнарбеков жаңа жыл қарсаңында  ардагерлер өкілдерін қабылдап,  мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстады. Жиын барысында аудан әкімі алға қойған жоспарларын баяндап, аудан халқының тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталған тың жобалардың бірнешесіне тоқталып өтті.

Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар сәтімен жүзеге асып, бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтіп, жол, таза ауыз сумен қамту жұмыстары толғымен аяқталып, ел игілігіне берілді.

2021 жылы бірнеше жоба жоспарланып отыр. Атап айтқанда Черкасск ауылдық округінің  Қарғалы елді мекенінде  «AZIA GOLD» ЖШС ашылады. дәрілік шөп өндіретін кәсіпорнның  жобалық құны 442,7 млн.теңге,  35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  Амангелді ауылдық округінде  «BASKAN RIV» ЖШС мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жүргізіп, ұсақ малды  50000 басқа дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 5 млрд. теңге. Екінші кезеңде 600 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт кешенін ашу жоспарлануда. Жоба құны 1500,0 млн. теңге. 70 адамға тұрақты жұмыс болады.

Қойлық ауылдық округінде   «Арлан» ШҚ 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңын өз қаражаты есебінен салуды жоспарлады. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Амангелді  ауылдық округінде   «Jetisy Beef» ЖШС 10000 бастан туратын 3 мал бордақылау алаңын ашуды қолға алмақ.  Жобаның жалпы құны: 19 млрд. 250 млн.теңге. Инвестор Tyson Foods. 150 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады. 

Алдағы жұмыс жоспарымен таныстырған Талғат Қанатұлы жаңа жылда аграрлық секторда 45 млрд. 174 млн. теңгенің өнімі өндірілетіндігін жеткізді. Сөз соңында аға буын өкілдерін жаңа жылмен құттықтап, елімізге індетпен келген қиындықтарға қарамастан жемістеріміз бен жеңістеріміздің мол болуына игі тілегін арнады.

Мәліметпен бөлісу: