Әлеуметтік осал топты қолдау

Қазақстандағы «Біріккен ұлттар ұйымының «БҰҰ — әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы, Алматы  облыстарының ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік осал топтағы әйелдер мен қыздарды СOVID- 19 дағдарысы жағдайында өздерінің экономикалық және білім алу әлеуетін кедергісіз арттыру үшін ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Лепсі ауылдық округінің әкімі аппаратының мәжіліс залында Лепсі ауылының 16 әлеуметтік осал топқа жататын қыз — келіншектерге техникалық құралдарды (ноутбук)  және бір жылдық интернет роутерлар табыс етілді.

Техникалық жабдықтарды «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Бақытгүл Казезбайқызы  Елшібаева табыстады. «Біріккен ұлттар ұйымы- Әйелдер» құрылымының жоба менеджері Гүлнар Смаилова онлайн қатысып, сөз сөйледі. Салтанатты жиынға ауыл әкімі Гүлнар Мұратқызы Серікбаева,  Лепсі ауылының  әйелдер кеңесінің төрайымы Аниаш Абзалқызы Иманбаева  және Лепсі ауылының әлеуметтік қызметкері Гүлдана Теміржанқызы Сердалинова қатысып, техникалық құралдарды (ноутбук)  алушы қыз-келіншектерімізге ізгі лебіздерін білдірді. 

Ж. КАРАШЕВА.

Мәліметпен бөлісу: