Аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер аудандық мәдениет үйіне барып, өнер қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Жалпы Мәдениет үйінде болашақ жұлдыздарды дайындайтын 12 түрлі үйірме бар. Облыс пен республикаға танымал термеші, әнші Гүлжан Қисабекова 35 жылдан астам уақыт бойы аудандағы жастарға терме өнерін үйретіп, талантты шеберлердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Біздің партия мәдениетті дамытуға, халық өнерін жандандыруға, шығармашылық пен өнер өкілдерінің жетістіктерін ілгерілетуге ерекше көңіл бөлетіні белгілі.
Сарқан ауданының тұңғыш халық театрының ашылуына жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда шығармашылық ұжым қалыптасып, спектакльдер дайындалған. Жастар өнер көрсетуге әзір. Өнерсіз елдің өрісі тар демекші, біз төл мәдениетімізді дамытып, талантты жастарға әрқашан қолдау көрсетуіміз керек.