Бүгін аудандық маслихат депуаттығына үміткерлер аудандағы барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізді.
Кандидаттар ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспары таныстырылды. Ауыл тұрғындары көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ауыл мен қала мектептерiнде бiлiм дəрежесiн бiрыңғай ету; студенттердiң стипендиясын кɵбейту; жолдарды күрделi жɵндеуден ɵткiзу; қаладан шалғай орналасқан ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету; ауылдарда интернет байланысын дамыту, т.б. сайлауалды бағдарламада қарастырылған бағыттарға кеңiнен тоқталып, талқылады.
Жиында партияның жастарды, кəсiпкерлердi қолдауға арналған бағдарламаларын, елiмiзде эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин жарияланғанда, партияның Сарқан ауданы бойынша атқарған жұмыстарын баяндады.