Ұсыныс — пікірлер қадағаланады

Жуырда аудандық әкімдіктің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті 16-шы отырысы болып өтті.

Жиынды кеңес төрағасы Қ. Абдрахманов ашып, кеңестің күн тәртібінде қаралатын мәселелерімен таныстырды. Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жағдайы туралы»   аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Әлия Көпбаева, екінші сұрақ бойынша «Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» Бақалы ауылдық округінің әкімі Арын Күрішбаев, үшінші мәселеге байланысты   «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тар-апынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Сабитұлы, төртінші мәселеге орай Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының Аманбөктер, Амангелді, Бақалы, Көктерек, Қарабөгет, Қарашыған және Шатырбай ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешім жобасын жария талқылау туралы кеңес хатшысы Руслан Нуриев хабарламалар жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Атап айтқанда, тұрғын-үй мәселесіне байланысты үйлердің кезегінде тұрған азаматтардың реттілігін сақтау, Тасқұдық ауылы тұрғындарының шағымын қанағаттандыру, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету туралы пікірлерін ортаға салды.

Кеңес жұмысын кеңес төрағасы Қ. Абдрахманов қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлерлер тиісті басшылық орындарға ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын білдірді.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: