Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның талаптары

Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.  Себебі, оның салдары еліміздегі барлық салаларының дамуына кері әсерін тигізеді: денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік сала, саясат, т.б.. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық  қылмыстарға және құқықбұзушылықтарға бой алдырмауы тиіс. Сондықтан, олар білім мен әдептілік ұстанымының деңгейін үнемі көтеріп отыру қажет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады деп, көрсетілген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі екені айтылған. 11-бапқа сәйкес, қаржылық бақылау шаралары декларацияны ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Декларацияны ұсынбау немесе толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну, заңнамалықта көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 12-бапта мемлекеттік қызметке кіргендер өздеріне қандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтыны айтылған. 13-бабында, мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметтер аталған, мәселен, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады. Тағы бір атап өтетін талаптің бірі, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол берілмейтіні, 14 бапта көрсетілген. 14-1-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол берілмейді. Мемлекетті қызметшілер, қызметін атқарған кезінде, Заңның 15-бабында аталған мүдделер қақтығысы туралы ұмытпаулары тиіс. Аудандық қазынашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар үнемі жүргізілуде. Басқармада сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамалығын  қарастыру мақсатында техникалық оқу сабақтары жүргізіліп жатады. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының борышы және оған барлығымыз жауапкершілікпен қарау міндеттіміз.

Б.Малдыбаева,

 аудандық қазынашылық басқарма 

басшысының орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: