Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады. Елімізде жемқорлықтың алдын алу және жоюға арналған ауқымды жобалар мен бағдарламар жүзеге асырылуда «Антикор», «Жетісу адалдық алаңы» т.б. 

Амангелді ауылдық округі бойынша жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары құрылып, сол жоспарға сай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Пандемияға байланысты іс-шаралар карантиндік ережелерді сақтай отырып немесе онлайн (Zoom қосымшасы) арқылы өтуде. Сондай іс-шараның бірі 17 наурыз күні округке орналасқан мекеме-ұжымдардың онлайн қатысуымен өткен онлайн кездесу. Бұл іс-шараның басты мақсаты жемқорлықтың салдарымен емес, себебі мен шарттарын жою. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген фактісін болдырмау.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп біле отырып, жемқорлықсыз қоғамды бірлесе құрайық.

Д.Жарданбек,

«Амангелді» БПҰ мүшесі, Амангелді а/о әкімі аппаратының жетекші маманы.

Мәліметпен бөлісу: