Қуатты мемлекеттің іргетасы қалануда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласының салмағы да, артылар жауапкершілігі де мол екендігі анық. Бағдарлы мақала еліміздің барша азаматтарына бағыт-бағдары басым мақала деп есептеймін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Бұл отырыста Президент Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргетасын қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқан бұл еліміз үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын әрбір шараны тұрғындарға пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін қадап айтты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданымызда да ауқымды игі шаралар іске асырылуда. Аудан экономикасының сала-сала бойынша ілгерілеуі аға буын өкілдерінің көңіліне қуаныш ұялатады. Ауданымыздағы ауылшаруашылық, денсаулық, кәсіпкерлік салаларында 1000-нан аса ардагерлеріміз өздерінің еселі еңбектерімен, толағай табыстарымен аудан бюджетінің қоржынын толтыруда қомақты үлес қосуда. Тәуелсіздігіміздің құндылығы аудан тұрғындарының табысты, жемісті және жеңісті еңбегі деп есептеймін. Біз Тәуелсіздігімізді еселі еңбегімізбен, жеткен жетістіктерімізбен қорғай, сақтай, соны онан ары дамытуымыз керек. Біздің бағымыз да, байлығымыз да тәуелсіздік!

Қ. ЖАНАСБЕКОВ,

аудандық «Ардагерлер ұйымы» филиалының төрағасы. 

Мәліметпен бөлісу: