Сарқан қаласындағы «Сарқан жеміс консервілеу зауыты» алма, өрік, апельсиннен тосап шығаруды қолға алды. Жұмысын 2018 жылы бастаған зауыт, бүгінгі таңда өнім түрлерін көбейтіп оның санын 15-ке жеткізген.
Тамыз айында жұмыстары қарқын алатын кәсіпорын күніне 120 тоннаға дейін сусын шығаруға қауқарлы. Зауыттағы барлық қондырғылар Ресей, Қытай елінен әкелінген.
Бүгінгі таңда зауыт басшылығы бірнеше өнім түрлерін сынамадан өткізді.
-ешқандай қоспасыз алмадан дайындалған тосап сатылымға «SIVERS» джем брендімен шығарылады,- деді зауыт басшысы Ринат Калиуллин.
алдағы уақытта зауыт алманың жергілікті сорттарынан шыққан тосап, сусындарын танымал ететін ерекше дәм жасап, табиғи артықшылықтары бар өнім ретінде тұтынушыларға ұсынуға ниетті.
Сарқан-Ақпарат.